12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әскери соттың ерекшелігі

1992 жылғы маусымда құрылған Қазақстан Республикасының Әскери сотына биыл отыз жыл толып отыр. Осы орайда атап өтер жайт, әскери сот Тәуелсіз еліміздің алғашқы мамандандырылған соты болып саналады. Жалпы еліміздің әскери сот құрылымының басқа соттардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Тек ең басты айырмашылығы әскери соттарда қаралатын істердің ерекшелігінде деп білеміз. Яғни мұнда қаралатын азаматтық істер бойынша тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органы немесе әскери бөлім болуы тиіс. Сондай санаттағы істерді қарайтындықтан сала әскери сот саналады. Ал қылмыстық істерде сотталушылардың біреуі әскери қызметші болуы ләзім. Осы бір ерекшелік әскери сот екенімізді айқындайды.
Демек әскери соттар Қазақстанның бірыңғай сот жүйесінің құрамында және жалпы юрисдикциялық соттарға жүктелетін қызметтер мен өкілеттіктерді еншілейді. Сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыруда ортақ қағидаттар бойынша қызмет етеді. Қазақстан Республикасы Әскери сотының мәртебесі облыстық соттарға теңестірілген және апелляциялық сатыдағы істерді қарайды.
Республика аумағында о баста 10 гарнизондық әскери сот жұмыс жүргізсе, кейін Жоғары сот кеңесі нәтижесінде Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Өскемен гарнизондарына қарасты әскери соттар таратылды. Ал қалған бес гарнизондық әскери соттар облыс орталықтарында орналасқан. Бұл соттар қалалық және аудандық соттармен теңестірілген. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты аса ауыр қылмыстармен байланысты істерді қарайды. Әзірге осы құрылымдар әскери сала бойынша істерді қарауға жеткілікті болып отыр.
Көп адам түсіне бермейтін, салалық ерекшелікке орай әскери соттарда қаралатын қылмыстық істер қоғамда әрдайым қызығушылық тудырып жатады. Себебі сотталушылар – қатардағы жауынгерден бастап генералдарға дейін әртүрлі шендегі әскери қызметшілер болуы мүмкін. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылық принциптерін қамтамасыз ету мақсатында әскери соттар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс жүргізеді. Өткізілген іс-шаралар және қоғамдық мәні бар, халық назарын аударған, көп талқыланған істер бойынша ақпарат үнемі ғаламтор беттерінде, басылымдарда жарияланып тұрады. Қазір соттардың сайттары да тұрақты жұмыс істеп, онда азаматтарға қажетті ақпараттар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.
Сонымен қатар әрбір азамат ашық сот процесіне қатысып, сот төрағасының қабылдауында да бола алады. Яғни саламыз барынша ашық жұмыс істеуде. Уақыт ағымына қарай әскери соттарымыздың барлығы заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. Дыбыс-бейне тіркеу жобасы аясында, бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан сот процесстерін жүргізу жүзеге асуда. Гарнизондардағы әскери соттар еліміздің әртүрлі қалаларында орналасқанын ескерсек, бұл жүйе республиканың басқа аймақтарында орналасқан тараптарды, куәларды, сотталушыларды сот залына шақырмай-ақ азаматтық, қылмыстық істерді қарауға мүмкіндік беруде. Тараптардың уақыты мен қаржысын үнемдейтін бұл өзгеріс әскери сот саласының да уақыт ағымына қарай жарақтанып, дамып жатқанын айқындайды.
Амеркенова Айнур Бахитжановна, Алматы гарнизоны әскери сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...