12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өскеменде мас күйде рөлге отырып жол апатына түскен ер адам қамауға алынды

Өскеменде жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде рөлге отырған ер адам жол апатына түсті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында 36 жастағы қала тұрғыны 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылса да ішімдік ішіп алып «Hyundai Solaris» көлігін тізгіндеген. Сәтпаев даңғылы мен Байбатчин көшесінің қиылысында ол рөлге ие бола алмай қалып Nissan Cefiro» автокөлігімен соқтығысты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Hyundai Solaris» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...