Өскемен әкіміне маскасыз суретке түскені үшін айыппұл салынды

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсімбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген сурет тараған болатын. Суретке көрермен ретінде «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген. Желі қолданушылары әкімді іс-шараға маскасыз қатысқаны үшін сынға алған еді.

«Қала басшысының қоғамдық орынға маскасыз бару оқиғасы қолданыстағы заңнама аясында аяқталды. Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама тіркелгеннен кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі», — деді Тұрсымбетов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Жақсылық Омармен бір іс-шараға қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска тақпағаны үшін айыппұл төлеген.

Еске салайық, бұған дейін Семейде маска тақпай суретке түскен депутаттарға айыппұл салынған болатын.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...