12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өскемен гарнизонында жаңа 2021 оқу жылы басталды

Өскемен гарнизонында жаңа 2021 оқу жылының қысқы кезеңі басталды. Салтанатты митингтің ашылуымен бастау алған жаңа оқу жылына әскери бөлімнің дайындығы саптағы жеке құрамның лозунгтар жазылған плакаттары мен көңіл-күйлерінен-ақ көрініп тұрды. Әскери бөлім командирінің «2021 оқу жылына жауынгерлік міндеттемелер алу туралы» бұйрығы жеткізілген салтанатты митингте 2 мотоатқыштар батальонының командирі майор Құрманғазы Мұратбеков «Ұлы дала әскері-Тәуелсіздік тірегі» жауынгерлік жарыс ұранымен 1 мотоатқыштар батальоны және 1 танк батальоны командирлерін осы оқу жылындағы жауынгерлік сайысқа шақырды.
Жауынгерлік сайыс әскери бөлімдегі батальондар, роталар мен взводтардың бәсекеге қабілеттілігі мен әскери істердегі кәсіптіліктерін нығайту мақсатында жүргізіледі.
Жаңа оқу жылының басында дәстүрлі жауынгерлік міндеттеме алу әрбір әскери қызметшіге тән. Салтанатты митингтен кейін сабақ кестесіне сәйкес өткізілген мемлекеттік-құқықтық дайындық пәнінде әрбір әскери қызметші бір-бірін (жауынгерлік дос) жауынгерлік жарысқа шақырып, осы пәнге арналған жеке дәптерлеріне жауынгерлік міндеттер туралы жазбаларын толтырды.


Мерекелік жиында әскери қызметшілер атқарған қызметтерінің нәтижесіне сәйкес көтермеленіп, гарнизон бастығы подполковник Аслан Кітапбаев мырзаның қолынан марапаттар мен алғыс грамоталарын, сонымен қатар бірнеше әскери қызметшілер кезекті әскери атақ алды.
Тәуелсіз еліміздің қорғаны Айбынды әскерлеріміз үшін бұл іс-шара мереке іспеттес. Сол себепті әрбір әскери қызметші үшін есте қалар ерекшелігімен тарих қойнауына ене берері сөзсіз.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Холодный разум: миф или тренируемый навык?

ПОЧЕМУ ОДНИ В ПАНИКЕ СОВЕРШАЮТ ГЛУПОСТИ, А ДРУГИЕ В...

Казахстан становится страной форумов?

КАЛЕНДАРИ ЧИНОВНИКОВ, БИЗНЕСМЕНОВ, УЧЕНЫХ И ИСТЕБЛИШМЕНТА ПЕСТРЯТ МЕРОПРИЯТИЯМИ: ВСЕВОЗМОЖНЫЕ...

Жить на стороне закона

Причиной большинства преступлений, совершаемых молодыми людьми, зачастую является непродуктивное...

Инструмент коммуникативной культуры

Юридический факультет Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно с...

Старт новой образовательной эры

В Г. ШЫМКЕНТЕ НА БАЗЕ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ. М....