Сіздерді бостандықтан кейінгі жаңа өмір күтуде

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде өз-өзіне қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға бейім сотталған азаматтарға мекеменің психолог мамандары мен Төлен ата мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан бірлесіп, діни бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда, мекемеде сотталғандар арасында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен тергеу мекемесінде түрлі тақырыптарда жоспарға сай іс-шаралар, психологиялық тренингтер мен діни экстремизм-терроризм бағыты бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, бүгінгі түсіндірме жұмысында өз-өзіне қол жұмсаудың адамға келер зияны мен психологиялық тұрғыда адамға кері әсер беретінін және діни тұрғыда дұрыс емес екендігін жазасын өтеуші азаматтарға айтты.

Адамның ең басты құндылығы ол-денсаулық. Бүтін денсаулығымыз бен болашағымызға өз қолымызбен балта шабуға қауқарлы болудың қажеті жоқ. Өмір тоқтап қалмайды, алға қарай жылжи береді. Уақыты келгенде сіздерде бостандыққа шығып, жаңа өмірге бейімделіп, отбасыларыңызға қосыласыздар. Сіздер қайратты, және батыл бола білулеріңіз қажет, сіздерді отбасыларыңыз сарғая күтуде деп- жазасын өтеушілерді жігерлендірді мекеменің психолог маманы.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...