Сіз көлікті дұрыс қыздырып жүрсіз бе? Автосарапшы жауап берді

Суық маусымның басталуымен жүргізушілер қозғалыс алдында қозғалтқышты дұрыс жылыту мәселесіне тап болады. Қыста көлікті жылытудың дұрыс алгоритмін автосарапшы атап өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Қазіргі заманғы автомобильдер бұрынғыдай ұзақ қыздыруды қажет етпейтінін бәрі біледі. Өйткені жаңа заманғы көліктер оларды тез жұмыс жағдайына келтіретін электронды жүйелермен жабдықталған.

«Орнында тұрған көлікті ұзақ қыздыру отын шығынын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жанармайдың толық жанбауына байланысты күйенің пайда болуына әкелуі мүмкін», — дейді автосарапшы Юрий Резнев.

Сарапшы көлікті бір-екі минутқа ғана қыздырып, біркелкі қозғалыстан бастауды ұсынады және қозғалтқышқа күш түсіруден аулақ болуға шақырады. Бұл қозғалтқыштың жұмыс температурасына баппен жетуіне және бөлшектерге түсетін күшті азайтуға мүмкіндік береді.

Дұрыс алгоритмнен басқа, жоғары сапалы майды пайдалану маңызды.

«Қазіргі заманғы мотор майлары қатты аязда да қозғалтқыш бөлшектерін жеткілікті деңгейде майлауды қамтамасыз етеді, бұл автомобильді ұзақ қыздырмай-ақ іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл майлар аязға төзімді ғана емес, сонымен қатар жоғарғы температураға да төзімді», — деп қорытындылады сарапшы.

Кейде көлікке бензиннен бөлек, майға шығындалып жатамыз. Осы мотор неге май жейді? Көлік жүргізушілері жиі кездесетін мәселенің себебі мен салдарын жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыз.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...