Синоптиктер бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 27 сәуірде Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады», — делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, синоптиктер төрт облыс тұрғындарына жоғары өрт қаупі туралы ескертті.

«Маңғыстаудың басым бөлігінде, орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістанның солтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады», — деп хабарлады метеорологтар.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.