Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер 12 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні — 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік түсуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады.

Жетісу облысында түнде Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші — 19-24, екпіні — 30 м/с және одан аса сақталады. Орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 18-23 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні — 15-18 м/с.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні — 23-28 м/с.

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...