12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шырғалаң

Ерсін өз туған күнін атап өтпекші. Кәдімгідей дайындалып, азын-аулақ тәттісін сатып алып, дастарқан жайды. Достарымен қоса бір-екі көршісін шақырмақ. Арасында Таня да бар.

Осылайша «Сабалақ» саяжайындағы көңілді кеш көп ұзамай басталып кетті. Туған күндегі қонақтар шуы алыс көршілерге де жетті. Құдды 90-жылдардағы ауыл кеші секілді. Мұнда қай үйден көтеріңкі көңіл-күйдің дыбысы естілсе, шақырусыз қонақтар да жиыла қалатын. Сәкен де айтпай келіп қалды. Келді де ішімдікке кірісті. Ә дегеннен Танямен әңгімесі жарасқан ол кешті өз үйінде жалғастырмақ болып қызды шулы ортадан қолтықтай шыққан.

Арада төрт күн өтті. Туған күннің қызығы басылып, күнделікті күйбең тірлік қайта басталған. Ерсұлтан баяғыша ауызсу алып келуге қамданды. Өйткені, мұндағы тұрғындар суды тасып ішетін. Кейде құдығы бар үйлерге өтініш жасап, апталық суды жинап алатын-ды. Бүгін де сол жұмысына кірісті. Сағат тілі бестер шамасында түскі ұйқысынан оянып, екі көзін тырнап ашқан ол шелегін алып көрші Сәкен ағайдың үйіне келді. Даладағы құдықтан енді су ала берген ол, қазылғанына көп болмаған, топырағы әлі кеппеген жерді байқап қалды. Төмпешікке назары ауған ол қопсыған жерді қазғаны сол екен, астынан адамның аяғы шолтаң етіп шыға келді.

…Арада көп уақыт өтпей мәйіт табылған үйде полицейлер қаптап кетті. Сарапшылар қыздың қалай өлтірілгенін анықтауға кірісті. Қылмыскер кім? Жан жүректі езетін сұмдық қылмысты Қызылорда қалалық полициясы, тергеу бөлімінің бастығы Марат Алиев өз бақылауына алған. Тыныш жатқан елді дүрбелеңге түсірген қылмыскерді тезірек таппаса, полицияға сын.

Бірінші боп күдікке мәйіт табылған үйдің егесі Сәкен ілінген. Әзірше ол екі ай тергеу изоляторында болады. Бірақ қызға қатысы жоқтығын айтқан Сәкен күдікті өзінен алыстатып әуре. Тіпті, ол бірнеше күннен бері үйде қонбағанын да айтты. Дегенмен куәлер ішінде Таняны соңғы рет Сәкенмен көргендер баршылық. Бәрі айдан анық. Қылмыскер – Сәкен.

Алайда оның соңғы берген жауабы Марат Нұрланұлын ойландырып тастады. Өйткені, Сәкен үйіне қаладан нағашы інісі Тыныштықтың жиі келетінін, Ерсіннің туған күні болғанда соның да қонуға келгенін айтқан болатын. Күнделікті сан түрлі оқиғалармен кездесетін Марат Алиев бұл жолы да қылмыстың шытыр­ман оқиғалы екеніне шүбә келтірмеді. Сөйтті де қарамағындағы қызметкерлері арқылы Тыныштықты іздестірген.

Тыныштық тергеуге алынғанымен, қылмыс­ты мойындаған жоқ.

– Мен ол қызды мүлде танымаймын, көрген де емеспін.

– Алайда сен Сәкеннің үйіне барып, қонғаныңды жоққа шығармайтын шығарсың?

– Рас. Қондым. Бірақ адам өлтірмедім.

– Онда сол үйдегі өзіңнің киімдеріңе жұққан қанды қалай түсіндіресің? Біле білсең, сот сараптама орталығы оның қайтыс болған Таняның қаны екенін анықтап отыр.

Үн жоқ. Шынында да, үйге зерттеу жұмыс­тары жүргізілген кезде Тыныштықтың киім-

дері табылған болатын. Бірақ жігіт киіміндегі қан ізінің қайдан жұққанын түсіндіре алмай әлек. Осыдан-ақ оның қанды қылмысқа қатысы бары байқалатындай. Бұдан әрі тергеудің қажеті де шамалы. Әрі адам өлтірілген күні ағасының үйіне қонған ол ертеңіне түске таман қайтып кеткен. Сәйкестікті қарамайсыз ба? Дәл сол күні 17.00 шамасында Ерсұлтан да мәйітті тауып алған жоқ па еді? Рет-ретімен келіп тұр. Қызды айуандықпен өлтірген ол, есік алдына көмген де, ғайып болған. Әрі өзінің үйі емес, ағасының мекенжайы болғандықтан, күдіктің соған түсетінін сезген. Бірақ, бір қателік жіберіпті. Киімін ол үйге тастамауы керек еді…

Тыныштықтың шырылдағанын көрген сайын тергеушінің де күдігі қоюлана бастады. Былай қарасаң мұндағы жалғыз айғақ – киімдегі қан дағы. Ал ол дақты кісіге жала жабу үшін әдейі жақса ше? Қылмыстан жалтару үшін мұндай қитұрқылыққа баратындар да жоқ емес. Ендеше, істі әлі де тексере түсу керек. Осы сәтте қарауындағы ізкесушінің бірі жәбірленушінің телефоны табылғанын жеткізген. Шындығында, полиция қызметкерлеріне Таняның телефонын табу көп қиындық тудырмады. Телефонды жақында ғана Титов қыстағындағы бір азаматтың сатып алғаны белгілі болды. Алайда, қалалық полицияға тез арада жеткізілген ер кісі Тыныштықты танымады. Оның сипаттауынша телефон сатып алған адам мүлде бөлек. Осыдан кейін дереу Сәкенді алдырған тергеуші куәгерді сынап көрмек болған. Тергеу бөлмесінде отырған Сәкенді сыртынан көрсеткенде куәгер сатушыны жазбай таныды. Осылайша әне-міне нүкте қойылады деп отырған іс қайтадан басқаша сипат алды.

Куәгермен бетпе-бет кездескенде ғана шегінерге жер қалмағанын түсінген Сәкен ағынан жарылды. Сол түні Таняны қолтықтап үйіне жеткен ол жас қыздың өзін қорсына сөйлегеніне намыстанған. Ішімдікке масайған Таня оны байқар емес. Қайта өзінен оншақты жас үлкен жігітті балаша балағаттап, тепсініп қоймайды. Миын арақтың уыты торлаған Сәкеннің сөз көтере алмағаны белгілі. Іштей тістенген ол аузына сөз түспей қарбанып қару іздеген. Қолына ілінгені балға болды. Жанындағы серігінің үндемегенін жеңісім деп ұққан Таня ауаға көтерілген балғаны көргенде ғана өзінің қателескенін ұқты. Бірақ, ойлануға да, кешірім сұрауға да бәрі кеш еді…

Арақ ақылын алған жігіт есін жиғанда қансыраған қыз жанында тілсіз жатыр екен. Ертеңін ойлаған ол бірден айғақтарды жоюға кірісті. Қыз­дың денесін құдықтың жанына апарып көмген ол қан жұққан киімін де өртеп жіберген. Бірақ, қабырғаға ілінген Тыныштықтың киіміне мән бермепті…

Жансая ЖҮНІСОВА

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...