Шымкентте иттің екі көзін ойып тастаған

Әлеуметтік желіде көзі ойылған Шымкенттегі иттер туралы ақпарат тарады. Шымкент полициясы бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Көзі ойылған кішкентай ит үйде өскені көрініп тұр. Қазір система салып жатырмыз. Жағдайы ауыр. Әлі біраз уақыт ветеринардың бақылауында болады. Бір көзінен айырылып қалды. Екінші көзін сақтап қалуға болады. Қазір ит қатты шок алған», — делінген хабарламада.

Шымкент полициясы иттің қаладағы ветеринардың қарауында екенін айтты. Қазір тәртіп сақшылары иттің иесі мен оқиғаның куәгерлерін іздеуде.

«Аталған факті бойынша Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездік» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...