Шымкентте білім бөлімінің бас маманы ұсталды

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың білім бөлімінің бас маманына қатысты соталды тергеуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігімен соталды тергеп-тексеруді бастады. Бұл дерек бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінген.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу дерегі анықталды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындаған. Ш.А-ға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...