Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын жаздың ең ыстық кезеңі күтіп тұр

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын жаздың ең ыстық кезеңі күтіп тұр.

2026 жылдың шілдесі рекордтық ыстығымен таңғалдыруын жалғастыруда. Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын жаздың ең ыстық кезеңі күтіп тұр. Алдағы күндері жауын-шашын күтілмейді.

Астана

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +32…+34°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел 7–12 м/с. Түнде +18…+20°С, күндіз +33…+35°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7–12 м/с. Түнде +21…+23°С, күндіз +34…+36°С.

Алматы

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с. Түнде +23…+25°С, күндіз +40…+42°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с. Түнде +24…+26°С, күндіз +40…+42°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 3–8 м/с. Түнде +24…+26°С, күндіз +40…+42°С.

Шымкент

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с. Түнде +23…+25°С, күндіз +45…+47°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +25…+27°С, күндіз +46…+48°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с. Түнде +25…+27°С, күндіз +46…+48°С.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы маусым айының ауа райына шолу жасаған болатын. Мамандардың мәліметінше, жаздың алғашқы айы көпжылдық рекордтарды жаңартқан аптап ыстықпен және бір тәулікте екі айлық жауын-шашын мөлшері түскен нөсерлермен ерекшеленді.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...