Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Шымкенттің әлеуметтік мәселелердің  шешілуінде де оң өзгеріс бар. Осы тұрғыда үш ауысымды мектеп мәселесінің  толығымен шешілгенін айтуға болады. Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп құрылысының қарқыны жоғары. Биыл 12 жаңа мектеп ашылып, үш ауысым мүлде жойылды. Мектептердегі қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім ошағы интеллектуалды бейнебақылау жүйесіне (Айқын), тегін тамақтануды бақылайтын «Әлеуметтік әмиянға», үйірмелер үшін ваучерлік жүйеге, қаржыны ашық қадағалайтын «QARQYN» платформасына қосылды. Сонымен қатар Президент резиденциясының ғимараты балалар лагеріне айналды.

Үш жылда қалада 14 жаңа медициналық нысан ашылды. Емханалардың жүктемесі азайды. Жедел жәрдемге 40 жаңа көлік алынып, екі аурухана күрделі жөндеуден өтті. 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүріп жатыр, ал жаңа перзентхана жобасы толық дайын.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...