12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шымкент тұрғындары мемлекеттік гранттарды құдалық пен несие өтеуге жұмсаған

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті той, құдалық, несиені өтеуге жұмсаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, 2021 жылы 23 шымкенттік мемлекеттік грантты осылайша жұмсаған. Қайтарылмас гранттарды өз мұқтаждарына жұмсаған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жауапқа тартылып, қаржысы қазынаға қайтарылды.

«Қарыздарды өтеуге, несиелерді өтеуге, үйлену тойларына ақша алуға болмайды. Бәрінің сұрауы бар, аз сома емес — 1 миллион 225 мың теңге. Бұл ақша бизнесті жақсартуға және кәсіпкер өзіне және қаланың басқа тұрғындарына жұмыс табуы үшін беріледі. Енді ереже бар: тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жауапқа тартамыз. Сондықтан бәрін осы мәселеге байыппен қарауды сұраймыз»», — деді Балмаржан Нарбекова брифингте.

Сондай-ақ, ведомство мемлекеттік гранттар тек кәсіпкерлікті дамытуға берілетінін еске салды.

Негізсіз баю және оны заң аясында өндіріп алу

Қоғамда азаматтар мен ұйымдар арасында мүліктік қатынастар жиі кездеседі....

Соттағы татуласу рәсімдері: дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі

Қазіргі уақытта сот жүйесінде дауларды бейбіт жолмен шешу әдістері...

Взыскание алиментов в твердой денежной сумме в Республике  Казахстан

ВведениеВ Республике Казахстан право ребенка на материальное обеспечение закреплено...

Административные дела с участием несовершеннолетних: профилактика и защита прав

В Республике Казахстан особое внимание уделяется рассмотрению административных дел...

Об ограничении родительских прав

Согласно действующему законодательству, ограничение родительских прав является мерой, направленной...