12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШЫМКЕНТ ТӘЖІРИБЕСІ: ҚЫЛМЫСҚА ТОСҚАУЫЛ, ҚАУІПСІЗДІККЕ КЕПІЛ

Шымкенттік құқық қорғау органдары «Заң және тәртіп» қағидалары негізінде тың бастама көтеріп, жаңа форматтағы алдын алу шараларын қолға алды.

Абайлаңыз, алаяқ!

Шымкент қаласының Полиция департаменті бүгінде ғаламтор арқылы кеңінен таралып қоғам өміріне аса зиянын тигізіп келе жатқан интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында егде жастағы азаматтармен тікелей жұмыс істеуге назар аударыпты. Жергілікті əкімдікпен бірлесе отырып зейнеткерлердің ресми тізімін жасақтап алған тəртіп сақшылары əрбір егде жастағы тұрғындардың үйіне барып, жеке-жеке түсіндіру жұмыстарына білек түре кірісіп кеткен. Полициялар тарапынан осыған дейін қолданылмай келген мұндай шаралар зейнеткерлерді қауіптен сақтап, материалдық түрде болатын аса үлкен зардаптардың алдын алуға оң ықпалын тигізері хақ. – Бұл əдеттегідей үгіт-насихат емес, қауіптің нақты көріністері мен зардаптарын мысалға келтіре отырып, қауіпсіздік шараларын саналы түрде сіңіруге бағытталған арнайы шара болып отыр. Полицейлер зейнеткерлерге бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеу, жеке деректерін ешкімге жария етпеу қажеттігін, алаяқтардың жиі қолданатын айлаларын нақты мысалдармен жеткізіп, түсіндіріп береді. Сонымен қатар, тұрғындарға жедел байланыс үшін жеке нөмірлерін қалдырып, күмəнді жағдай бола қалса, дереу хабарласуға болатынын ескертті, – дейді Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева. Шымкент қалалық Полиция департаменті ұсынған деректерге жүгінсек осы бағытта жүргізілген жұмыстар көп күттірмей өзінің оң нəтижесін де бере бастаған. Мəселен, жуырда бір зейнеткер бейтаныс нөмірден қоңырау алғаннан кейін, бұрын ақпараттық түсіндіру жүргізген полиция қызметкеріне хабарласып, шотындағы ақшасын алаяқтардың арбауынан аман сақтап қалғанын айтып, тəртіп сақшыларына ақжарма тілектерін жаудырған. Бұл тек бір ғана мысал. Мұндай сақтық шаралары полицияның жаңа тəсілінің тиімділігін дəлелдей түсетін нақты көрсеткіштермен оның нəтижесін айғақтап берді. Полицияның дерегінше мұндай қадамға интернет алаяқтыққа қатысты қылмыстық фактілердің шамадан тыс көбейіп кетуі себепкер болған. Ғаламтор арқылы «Аңқау елге арамза молда» болған алаяқтарға қарсы əрекет ету үшін полиция профилактикалық алдын алу шараларының аса қажеттігін алға тартты. – Интернет арқылы алданғандар, жылдар бойы бала-шағалары мен немерелерінің аузынан жырып баспана, көлік басқа да қажеттіліктер үшін жинап келген қаражатын алаяқтарға ұстатып жібергендер бұрнағы жылдармен салыстырғанда тым көбейіп кеткен еді. Əсіресе, зейнет жасындағы адамдар осындай қылмыстардың құрбаны болып жатады. Зардап шеккендер қаражатын аударып жібергендіктен оны табу да аса үлкен қиындықтар тудырады. Сондықтан ең алдымен профилактикалық алдын алу шараларынан бастау қажеттігін аңғардық. Бұған дəлел тек жыл басынан бері ғана Шымкент қаласының өзінде 300- ге жуық интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген материалдық шығын көлемі 900 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл мəселенің қаншалықты ауқымды əрі өзекті екенін айғақтап береді, – деп толықтырды Бағлан Исатаева.

«Қарасора–2025» шеңберіндегі нақты қадамдар

Полицияның мəліметінше цифрлық қауіппен қатар, бүгінде қоғамның басқа да маңызды мəселелері де қатар жүріп келеді. Солардың бірі – есірткінің заңсыз айналымы. Маусым айының басынан бастап елімізде дəстүрлі түрде «Қарасора–2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алған. Бұл – есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы бағытталған ауқымды операция шеңберінде қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіретін қылмыстық фактілерді дер кезінде анықтауға жəне алдын алып тосқауыл қоюға оң ықпалын тигізген. Тек бір айдың ішінде Шымкент қаласының өзінде 61 қылмыстық құқық бұзушылық анықталғаны осыны айғақтаса керек. Полицияның мəліметінше аталған ауқымды профилактикалық шаралар мен жедел іздестіру жұмыстарының нəтижесінде есірткі заттарын сатудың 12 дерегі, нашақорлар жиі пайдаланатын өсімдіктерін егіп өсірудің 13 фактісі, есірткі өнімдерін жарнамалаудың 2 оқиғасы, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа да 34 бірдей теріс қылықтар анықталған. Солардың бірінде кəнігі тергеушілер мен тəртіп сақшыларының өзін таңдандырған аса үлкен факті тіркелді. Қырағы тəртіп сақшыларының жедел əрекет етуінің арқасында ел ішінде сонымен қатар алыс-жақын шетелдерге дейін аса ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталып, ірі көлемді есірткі өнімдері тəркіленіп алынған. Атап айтқанда, əбден ойластырылып жасалған операция аясында жалпы көлемі 29 келіден астам есірткі өнімдерін тасымалдап келе жатқан қылмыстық топ ұсталды. Тінту барысында полиция қызметкерлері 17 келі сора (кендір) өсімдігін, 8 келі синтетикалық есірткі, 4,8 килограмм марихуана есірткілерін анықтап, тəркілеп алған. Аса ірі көлемдегі есірткі айналымына тосқауыл қою бағытында жүргізілген нақты əрекеттер жасаудың арқасында Түркістан облысының небары 23 жастағы тұрғыны есірткі заттарын «жасырын таратушы» ретінде ұсталды. Ол Шымкенттің Бозарық шағын ауданында ірі көлемдегі есірткі өнімдерін əр 100 метр сайын жерге көміп кеткен болып шықты. Тəртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нəтижесінде жалпы көлемі 842 грамм синтетикалық есірткі түрлері тəркіленіп, қылмыстық іс жасаған азамат дереу қамауға алынды. Бұдан бөлек, байланыссыз тəсілмен есірткі таратпақ болған 21 жастағы қыз да қырағы полиция қызметкерінің құрығына ілінді. Тінту барысында одан 50 граммнан астам есірткі заттары анықталды. Бұл жағдайлардың бəрі жастар арасында есірткі қылмысының кеңінен етек жайғанын айғақтай түседі.

Заң – баршаға ортақ

Шымкенттік полиция дерегінше үй жағдайында есірткі өнімдерін еш қымсынбастан өсіріп жатқандардың да қатары көбее бастаған. Тəртіп сақшылары кезекті бір операция барысында жеке тұрғын үйлер мен бау-бақшаларда заңсыз есірткі өсімдіктерін өсіру деректерін де əшкереледі. Тұрғындардың кейбірі үй жағдайында сора өсіріп, кептіріп сақтап отырған. Полицейлер мұндай əрекеттердің алдын алып, кінəлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға назар аударып отыр. Мəселен, Сайрам тұрғын үй алабының 39 жастағы тұрғынының үйінен 15 түп сора өсімдігі жəне жалпы көлемі 1 келі 733 грамм көкнəрдің кептірілген бөлігі табылды. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Полиция құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, сонымен қатар оларды жою шараларын қолданбау есірткі бизнесінің жандануына ықпал етіп, қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершілікке əкеп соқтыратынын алға тартады. Өйткені, есірткі – тек заңға ғана емес, адам тағдырына, отбасыға, тіпті тұтас ұлт болашағына төнген қауіп Бүгінде Шымкент қалалық Полиция департаменті қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жолында тың бастамалар көтеріп, нақты нəтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өткен жөн. Интернет-алаяқтықпен күресте егде жастағы азаматтарға бағытталған тікелей жұмыс форматы өз тиімділігін дəлелдесе, есірткі қылмысына қарсы «Қарасора–2025» аясындағы іс-шаралар да жүйелі түрде жалғасып, қылмыстық фактілерді дер кезінде анықтауға оң ықпалын тигізген. Заң мен тəртіп жолындағы бұл бастамалар қоғамды қауіпсіз, ал азаматтарды сақ əрі жауапты болуға шақырады. Өйткені, қауіпсіз қоғам – баршамыздың ортақ игілігіміз.

Майра ТОҚАНОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты...

 За счет турецких инвестиций

ОЧЕРЕДНЫМ УСПЕШНЫМ ШАГОМ В НОВОЙ ПРОМЫШЛЕННОЙ ПОЛИТИКЕ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ,...

Военный патруль на водоемах 

С НАЧАЛА ЛЕТА УСИЛЕНА РАБОТА МЧС ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ НЕСЧАСТНЫХ...

Пожар ликвидирован огнеборцами

В ИЮЛЕ ЭТОГО ГОДА ПОСТУПИЛО СООБЩЕНИЕ О ТОМ, ЧТО...

Политика братства и прагматизма 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ТУРЦИЮ...