spot_img
spot_img

«Шыдам танытайық» — министр қазақстандық вакцина туралы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының өндірісі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жұмыс жүргізіп жатырмыз. Барлық процесс бекітілген трафикке сәйкес жүреді. Мұнда ешқандай проблема жоқ. Сонымен қатар, әріптестеріміз вакцинаның 50 мың дозасын өндіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта биологиялық бақылау аяқталды. Осы кестеге сәйкес, сәуірдің соңында құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Олар ұсынылған құжаттардың нәтижелерін талдай отырып, одан әрі шешім қабылдайды. Шыдам танытып, ғалымдарымызға қолдау көрсетейік», — деді министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Аймағамбетовтың айтуынша, ғалымдар QazVac вакцинасынан бөлек жануарларға да вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Ғалымдар вакциналарды бес платформада дайындайды. Сынақтарды аяқтадық, клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беруін күтеміз. Сонымен қатар, ғалымдар жануарларға арналған вакциналар жасауды жоспарлап отыр. Олар коронавирустың «ұлыбританиялық», «Оңтүстік Африка» штамдарын зерттеу бойынша жұмыс істейді. Штамм анықталды, зерттеулер жүргізіліп жатыр», — деп қосты ол.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының 50 мың дозасын сәуірде өңірлерге жеткізу жоспарланған.

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Спутник V» вакцинасын салдыруына қатысты пікір білдірген болатын.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...