12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шығармашылық сотталғандарға үміт сыйлайды

Павлодардағы жазасын өтеушілер арасында өлең-жырды жанына серік еткендер көп. Мәселен, АП-162/2 қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде сотталғандар тек қана жұмыс істемейді, олар сонымен қатар шығармашылықпен де айналысады. Шығармашылық қателік басқан жандарға қанат бітіреді, үміт сыйлайды, әдемі армандарға бастайды. Мекемедегі 57-жастағы сотталушы осындай ізденіс үстіндегі жандардың бірі. Ол мемлекеттік тілде өлең шығарып, әуенін домбыраға өзі салады. Оның өнер бағытындағы мұндай ізденістерінің нәтижесінде жұп-жұмыр, жып-жинақы шығарма туады.
– Домбыра тартуды маған әкем үйретті. Өзі бұл аспапта өте жақсы ойнаушы еді. Әкем туған-туыстың, дос-жарандарының жиын-тойларының көркін қыздырып, сәнін кіргізетін. «Домбыра адамның жансерігі» дейтін ол маған. Мен осылайша өлеңге, домбыраға бала кезімнен құмар болдым. Мекемеге түскенде клубқа барып, бірінші іздегенім осы домбыра болды. Домбыра адамның жан жарасын емдейді. Музыка менің құтқарушым – дейді Бақыт.
Бақытты үйінде екі ұлы күтіп отыр. Өзі медицина саласының маманы. Қытайда халық емі бағытын меңгерген, осы саланың сертификаттары бар.
– Бізде жазасын өтеп жатқандардың күндік кесте бойынша бос уақыттары бар. Осы уақыт аралығында олар өздері қалаған істерімен айналысады. Мекеме басшылығы олардың шығармашылықпен айналысқанын, өнерлерін дамытқанын қуана құптайды. Бұл жерде де әртүрлі мерекелік мәдени шаралар өтіп тұрады. Сол шараларға белсене араласып, өнерлерін көрсететін азаматтар мекеме тарапынан марапатталады. Ол марапат сотталғандардың үйіне ертерек қайтып, туыстарымен қауышуына мүмкіндік береді – дейді мекеме басшысының орынбасары Сұлтан Бакин.
38 жастағы Мадияр да өнер адамы, өлең жазады. Оның өлеңдері көбіне Отан, туған жер, жастар, өмір тақырыптарында. Оның мамандығы экономист, ол да шығармашылықпен бала кезден айналысады екен. Мадиярдың өлеңдері туған жері Ақтөбеде шыққан өлеңдер жинағына кірген. Бұл жерде де ол бос уақытында өлең жазады. Өзінің жеке кітабын шығарғысы келеді. Үйінде оны ата-анасы, жары, екі перзенті күтуде.
Қауіпсіздігі төмен мекемедегі жазасын өтеу­шілердің көбі қылмысты абайсызда жасағандар. Мекеме қызметкерлері олардың өз армандарын жүзеге асыру жолындағы ізденістеріне көмектеседі. Олардың әртүрлі мәдени, тәрибелік іс-шараларға араластырады, талантын, қабілетін ашуға жәрдемдеседі.

Жүректегі сағыныш
(Мадияр Батырханов)
Мейлі жүрегім жыласын мейлі,
Шын жүректен сүйген мен емес пе?
Мейлі жүрегім жыласын мейлі,
Сені жаным сүйгеннен емес пе?
Бақытты сәттер сыйладың маған,
Сендік едім сол шақтарда.
Не жаздым бұл тағдырға
Сенен алыстап қалардай.
Берген уәдең ұмытылмайды
Үмітімді сол жалғайды.
Риясыз бұл сезімім,
Саған қарай қадам бастырады.

162/2 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі

Қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өзекті

Заңнама нормаларын түсіндіру және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуға...

№64 мекемеде Ашық есік күнін өткізу

Елордалық тергеу изоляторлары тоқсан сайын шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы...

Проведение Дня открытых дверей в Учреждении №64

Ежеквартально, столичное СИЗО открывает двери для родственников  осужденных отряда...

Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа...

Правопорядок

В период проведения ОПМ, Правопорядок,, служба пробации Сарыаркинского района...