ШҚО “жеке уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: үкімет бұған қалай қарайды?

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының «жеке уақыт белдеуіне» көшуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Жұманғарин қазір сағат белдеуі мәселесіне жетекшілік етпейтінін айтты, бірақ өз ойын білдірді.

«Әкімдіктің шешіміне келсек, біз бұл туралы бұрыннан айтып жүрміз. Оларда уақыт пен жұмыс кестесін өзгерту құқығы бұрыннан бар. Қазіргі уақытта осы жұмыстың басталғаны жақсы. Менің ойымша, бұл көптеген мәселені шешеді», – деді Серік Жұманғарин.

Бірқатар ауданның «жеке уақыт белдеуіне» көшу шешімін вице-премьер «дұрыс» деп атады.

Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын «жеке» жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.

Кеше, 5 наурыздан бастап, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.