ШҚО-да жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қылмыстың алдын алуы қатаң бақылауда болды

ШҚО бойынша ҚАЖД Үлбі аудандық  пробация қызметі бөлімшесі есебінде тұрған тұлғалардың қайталама қылмыстарды жасауының және қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел профилактикалық іс шара өткізілді. Пробация қызметінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген іс-шаралары өткізілді.

«Бұл қызмет өткерудің күшейтілген нысанға ауыстыру іс-шарасының басты мақсаты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау, сонымен қатар әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеруді жүзеге асыру. Іс-шара кезінде Үлбі аудандық  пробация қызметі қызметкерлері, сонымен қатар Өскемен қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері барынша жұмылдырды. Күшейтілген қызмет барысында пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және кешкі уақытта тұрғылықты жерлерінен, сонымен қатар жұмыс орындарынан тексеріліп, барлық аудан бойынша көңіл көтеруге арналған орындарда, қоғамдық орындарда есепте тұрған сотталғандар тарапынан  қайталама қылмысқа жол берілмеуі қатаң бақылауда болды», — деді пробация қызметінің окілі Арай Оразханова.

Правовые основы формирования циркулярной экономики

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби организовал международную научно-практическую конференцию...

Циркулярлық экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кеден, қаржы және экологиялық...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...