Щучинскіде кафеде жарылыс болып, 7 адам қаза тапты 

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты, 10-нан астам адамды құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 адам қаза тауып (марқұмдардың арасында 16 жастағы қыз бар), 26 адам зардап шекті, оның 13-і ауруханада, 6-ауы амбулаториялық бақылауға алынды. Зардап шеккендерге қосымша медициналық бригадалар жұмылдырылды.

Өрт толық сөндірілді, құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері анықталуда. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқан адамдардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түсті. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізілуде. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде, — деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.