«Шеврон» Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық қорғау құралдарын жеткізді

Алматы, Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолқап жеткізді.

«Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің 70 000қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі.

Сонымен қатар медициналық қорғау құралдары, оның ішінде дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, бетперделер, қолқап және бахилдер сатып алынады. Олардың қолқаптары бар бірінші топтамасы елге жеткізілді.

«Шеврон» корпорациясы әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Компания бүкіл әлемде энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, мұнай өнімдерінің маркетингімен және оларды өткізумен айналысады; мұнай-химиялық заттарды өндіреді және сатады; қуат өндіреді, компания қызметінің барлық салаларындағы тиімділікті арттыру технологияларын әзірлейді және қолданады. «Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Сан Рамон қ., Калифорния штатында орналасқан.

«Шеврон» туралы толығырақ ақпаратты  
www.chevron.com
сайтынан табуға болады.

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...

Баланс и стабильность – ключевые индикаторы

Мировая финансовая система вступает в новый этап испытаний. Центральные...

Содействие осужденным

В городе Семей прошло заседание комиссии по содействию деятельности...