Шетелден арзан бағада зат әперемін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Келес ауданының тұрғыны арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Өзбекстан Республикасынан арзан бағада киім алып, Алматы қаласының тұрғындарына сатамыз» — деп, әбден сеніміне кірген. Жәбірленушіден алдын-ала тауарға деп 500 000 теңге ақша алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшыларының тиянақты әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған ер адам ұсталды.

Тексеру кезінде анықталғандай, сезікті ер адам бұған дейін жасаған әрекеттерінен сабақ алмай, алаяқтық қылмысын тағы жасаған. Ол жәбірленушіден алған ақшаны жаратып жіберген. Бүгінгі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға ақша берместен бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар әртүрлі күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдарға сенім артпау керектігін еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...