Шетелде білім алғыңыз келе ме?

Егер осындай мақсат қойсаңыз, eGov порталы арқылы шетелде оқу конкурсына қатысуға өтінім бере аласыз. ҚР Білім министрлігімен бірлесіп, осы қызметті жақында онлайн форматқа көшіруді аяқтадық.

eGov порталы арқылы «Бакалавриат», «Магистратура/Резидентура» және «Докторантура» бағдарламаларына түсуге өтінім бере аласыз.

Өтінім берер алдында ғылыми жұмыстарыңызды, шет тілін меңгергеніңізді растайтын сертификатты және неліктен онда оқығыңыз келетіндігі туралы түсініктемені алдын ала дайындаңыз – бұл тармақтарды толтыру міндетті.

Сонымен, өтінімді қалай бересіз.

Порталда авторизациядан өткен соң, білім бөліміне кіріңіз. «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беріңіз. Содан кейін біліміңіз, отбасы жағдайы, еңбек қызметі туралы барлық қажетті жолдарды толтырыңыз, қалаған еліңіз бен мамандықты таңдаңыз, және ғылыми еңбектер мен тілді меңгеру туралы ақпаратты көрсетіңіз.

Өтінімге ЭЦҚ-мен де, SMS-парольмен де қол қоюға болады.

Бір күннің ішінде порталдағы жеке кабинетіңізге құжаттардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жауап келеді.

Қызметке өту сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/services/higher_education/pass_203_mon

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...

Бунт у школьных ворот: когда подростковый протест становится делом полиции

Французские лицеисты справедливо требуют лучших условий обучения. Власти отвечают...

В заложниках у ОСИновцев

Бизнес оказался заложником решений ОСИ, считают предприниматели Усть-Каменогорска. По...