Шерзат ісі. Сотталушы Дархан Әскентай даудың неден басталғанын қайта айтты

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесінде сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокат «Дархан, сотқа дейін берген жауаптарыңызбен келісесіз бе?»деп сұрады.

Сол күні тергеуде жауап бердім. Ол кездегі сұрақ-жауаптармен толықтай келіспеймін. Өйткені сол күні 24 сағат қамалған балаларға қысым келтірілді. Біржағынан өзім жарақат алғаннан соң жауап бере алмадым. Кейін ойымды жинақтай алмағаннан кейін дұрыс жауап бере алмадым. Бүгін өзімнің істеген іс-әрекетімді айтуға шешім қабылдадым, — дейді ол.

Ол өзінің Қамажай дүкеніне барып, үш бөтелкен сыра алғанын айтады. Сол кезде Қаужабаймен танысқанын атап өтті.

Сыраның құны 1300 теңгедей болды. Аға, ақшасы мың жарым теңгедей болсын. Мың теңгесін каспи арқылы, ал қалған ақшаңызды қолма қол беремін деп түсіндірдім, — деді Дархан Әскентай.

Сотталушы марқұм Шерзат Болаттың өзі келіп тиіскенін алға тартты.

Мен телефонды қуаттағышқа қоюды өтінгеннен кейін далаға шығып сырамды ішейін деп тұрған едім. Кейін 2-3 минут уақыт өткен соң маған қоңырау шалып жатыр деген соң, Қаржаубай ағайдан телефонымды алдым. Сол кезде Бекнұр деген бала қоңырау шалыпты. Кейін телефонымды шұқылап тұрған ем, Шерзат келіп ашулы түрімен «Сен менің әкеме бірдеңе дедің бе, не дегің келіп тұр» деді. Өзім түсінбей қалып, себебін түсіндірдім. Кейін жүр әкеңнен сұрайық дедім. Бір қарасам қолында кастет тұр екен, байқамай қалдым. Бір көзімнен ұрып жіберді. Сосын 2-3 метр шегініп сол жерде тұрып қалдым, — дейді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...