Шерзат Болаттың өлімі: сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаттары ресми түрде мәлімдеді.

«Қайырлы күн, құрметті достар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды!

2025 жылдың 17 қаңтарында біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең — қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз», — деп жазды адвокат Карина Көшербаева.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.