Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

Шерзат Болаттың жақындарына қатысты сот шешімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешім шығарған:

«Азамат С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтығы жоқ адам ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарылған.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ.Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деп жазылған сот мәліметінде.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...