Шекаралық аудандарды дамыту үшін 218 млрд теңге жұмсалмақ – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында шекаралық аудандарды дамыту мақсатында 2020-2024 жылдар аралығында 218 млрд теңге жұмсалады.

Шекара маңындағы 5 аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында кешенді жоспар әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беруінде айтты.
«2020-2024 жылдар аралығында 218 млрд теңгеге бөлініп, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар аудандарының мәселелері мен келешегі жіті пысықталды. Осы ретте, өткен жылы Күршім мен Үржар ауылдарында 2 жүзу бассейні, Мақаншы ауылында спорт модулі салынды. Сондай-ақ 17 екіпәтерлік және 1 отыз пәтерлік үй пайдалануға берілді. 3 көппәтерлі үйдің құрылысы басталып, 105 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 9 спорт, 31 мәдениет объектілері, 270 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөнделді», — деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, Тарбағатай, Күршім және Үржар аудандарының ауылдарына сумен жабдықтау желілері тартылып, 18 елді мекенге блокты-модульді станциялар орнатылды. Шекаралық аудандардың ауруханаларындағы перзентхана бөлімшелерін II деңгейге ауыстыру үшін 989 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.
«2021 жылы 4 көппәтерлі тұрғын үй, 8 су құбыры, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 спорт модулі және 3 мәдениет объектісінің құрылысы жоспарланып отыр. 26 білім беру, 3 денсаулық сақтау, 4 спорт, 6 мәдениет объектісінде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 12 су құбыры және 230 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөнделетін болады. Жалпы биыл бес шекаралық ауданды дамытуға 59 млрд теңге жұмсалады», — деді Даниал Ахметов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...