Шарт бойынша туындайтын даулардағы ортақ мәселе

Шарттық даулар – шарттық міндеттемелерден туындайды. Мұндай даулардың негізгі тараптары – ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар.

Шартқа байланысты даулар соңғы жылдары ең жиі қаралатын істер санатында. Әсіресе сатып алу, сыйға тарту, жалға беру, келісім-шарт, тасымалдау сияқты шарттар айналасында келіспеушілер орын алады.

Мұндай даулардың туындауына себеп әртүрлі. Ең негізгі себепке құжатқа салғырт қарап, ондағы шарттарға ден қоймаумен, назар аудармаумен байланысты. Екіншіден, шарттардың түсініксіз жасалуы, сауатсыз ресімделуі де даулардың туындауы түрткі болуда. Сондай-ақ тараптардың екіжақты түзілген шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы да өз кезегінде келесі тараптың сот арқылы өз құқығы мен мүддесін қорғауына себеп болып жатады.

Келісімшарттық даулар алуан түрлі. Олар шартқа дейінгі даулар, шарттың мазмұны туралы даулар, сондай-ақ шарт жасасуға мәжбүрлеу; шарттық міндеттемелерді орындау туралы даулардан тұрады.  Қазіргі уақытта шарттық қатынастарсыз ешқандай қызмет атқарылмайды. Әдетте, шарттан туындайтын дауды шешу ең алдымен сотқа дейінгі талап арыз беру тәртібін қарастырудан басталады. Осы келіссөздер барысында тараптар келісімге келе алмаса, олар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Ал сот өз кезегінде шарт бойынша төленбеген ақшалай қаражатты өндіріп алу, міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру, залалды өндіріп алу, міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу, мүлікті талап ету, шарт тарапының құқықтарын қорғау, шартты бұзу, шартты жарамсыз деп тану секілді талап-арыздарды қарауда бірыңғай тәжірибе қалыптастырып үлгерді. Бұл шарт бойынша туындайтын дауларды сапалы қарап, кемшіліктерге жол бермеуге мүмкіндік беріп отыр.

Д.Акетаев, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...