Шардара ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталуда

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17 күндері аралығында Шардара ауданы аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Нақтырақ айтсақ, шардаралық полицейлер аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын тексеріп шықты.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 10 құқық бұзушылықты анықтап, оларға қатысты құжаттарды сотқа жолдады.

Жалпы іс-шараның мақсаты — облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...