Шалқар радиосында «Мемлекеттік қызметтің міндеті» тақырыбында сұхбат берілді

2025 жылғы 4 ақпан күні Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ.Ахетов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменттің бас маманы Л.Н.Науқанбаймен бірлесе «Shalqar» радиосында сұхбат берілді.

Радио жүргізушісі Г.Нәлібаймен шақыртылған спикерлерге мемлекеттік қызметшілердің әдебі, олардың міндеттері бойынша сұрақтар қойылып, мемлекеттік қызметшілерге қатысты өз пікірлермен бөлісті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік,  ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделетіндігін атап өтті Л.Науқанбай.

Сұхбат барысында, М.Қ.Ахетовпен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын және қызметшілерге қойылатын талаптар түсіндірді.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілер ойын мекемелерінде және интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтындығын, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну негізігі талаптардың бірі екендігін атап өтті спикерлер.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменттің қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асыратын құзыреті түсіндірілді.

Бұл бағытта Әдеп жөніндегі уәкілдердің де рөлі аталып кетті.

Бұдан бөлек, сұхбат барысында мемлекеттік қызметке қалай түсуге болатындығын, сондай-ақ конкурстан тыс тағайындаулар бойынша ескертілді.

Сұхбаттың толық нұсқасымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://m.youtube.com/watch?v=h1Xky-p1Ar8

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Л.Н. Науқанбай

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...