12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Shakarim University – жылқы шаруашылығы жөніндегі жаһандық диалогтың эпицентрінде

2025 жылғы 4–5 мамыр күндері Қазақстан тарихында алғаш рет Shakarim University қабырғасында I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі өтті.

Ол Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасыныңауылшаруашылық университеттері, ғылыми-зерттеу институттары, асыл тұқымды шаруашылықтары мен министрліктерінің өкілдерін, жетекші мамандар менғалымдарды біріктірді.

Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық ғылымды жаңғырту жәнегеноқорды сақтау жөніндегі стратегиялық тапсырмасына жауап ретінде белгіленген жаңа бағыт.

Конгрестің символына және назар аударылатын нысанына айналған – қазақжылқысы. Бұл – ұлттың коды, экономикалық ресурс және өркениеттік жадының бірбөлігі.

Осы тапсырма берілген уақыттан бері біраз уақыт өтсе де, дәл осы Абайоблысындағы аймақтық университет осы міндетті өз мойнына алып, жергіліктідеңгейде әрекет ете отырып, жаһандық мәселелерді шешу жолына шықты.

Қытай Халық Республикасының Аграрлық университетінің профессоры Sheng Ming Zeng, Абай облысының Бесқарағай ауданындағы асыл тұқымды шаруашылықтарда – қазақ және муғалжар жылқы тұқымдарының бірегей типтеріқалыптасқан республикалық орталықта делегациямен бірге болған сапарында былайдеді:

«Бесқарағай» типінің қалыптасуы генетикалық материалмен ауқымды жұмыс пенерекше геноқорды сақтау арқасында мүмкін болды. Қазақстандық ғалымдар жылқышаруашылығы өнімдерін селекциялау мен қайта өңдеуге өз үлестерін қоса бастады. Біз ет, сүт, селекция мен генетика салаларында күш біріктірсек, бұл саланыболашағы зор индустрияға айналдыра аламыз», – деді профессор.

Шетелдік ғалымдар жоғары массасы мен жыл бойы жайылымда бағылуқабілетімен ерекшеленетін қазақ жылқыларына қатысты Қазақстан ғылымыныңжетістіктерін жоғары бағалады.

Осы маңызды оқиғаның қорытындысы ретінде 2025–2027 жылдарға арналғаннақты қадамдары бар РЕЗОЛЮЦИЯ қабылданды.

Басты басымдықтар ретінде төмендегілер көрсетілді:

Shakarim University базасында Жылқы шаруашылығы бойыншағылыми-инновациялық орталық құру

(Жылқы генетикасы мен репродукциясы зертханасы, оқу-тәжірибелік фермасы);

Ұлттық цифрлық реестр әзірлеу және енгізу;

Өнімді тұқымды жылқылар бойынша ұлттық деректер базасын құру;

Қазақ және муғалжар тұқымдарын селекциялау бойынша ұлттық бағдарламабастау;

Жастар мен білім беру бағдарламаларын іске қосу;

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және басқа да бастамалар.

Конгресс қабылдаған басты құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасы Ғылымжәне жоғары білім министрлігіне жолданған үндеу. Онда келесі ұсыныстар қамтылған:

Жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі Ұлттық бағдарламаға ресмимемлекеттік мәртебе беру;

Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары базасында тұқымдардыңсандық және генетикалық мониторингін қолдау;

Shakarim University-ді Шығыс Қазақстан аймағында жылқы шаруашылығысаласындағы ғылыми хаб ретінде тану.

Конгресс қатысушылары қазақ жылқысының генетикалық мұрасын сақтау меннығайту, жылқы шаруашылығын ғылым, бизнес және мәдениет ретінде дамыту, оныңабыройын көтеру бойынша тарихи жауапкершілік пен символдық миссияны өзмойнына алды.

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтың айтуынша:

«Қытайлық әріптестермен бірге өнімді тұқымдардың жаңа болашағына, аграрлыққауіпсіздіктің, экспорттың, мәдениет пен ұлттық болмыстың негізі ретіндегі жылқышаруашылығын стратегиялық қайта пайымдауға бағытталған ортақ қадам жасалды.

Конгресс аясында Абай облысындағы асыл тұқымды шаруашылықтардақатысушылар «Бесқарағай» типіндегі қазақ жылқысы мен «Ертіс» желісіндегімуғалжар тұқымын көрді. Бұл — тарих, бұл — Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің аграрлық ғылымды жаңғырту және ұлттық селекцияны қайта дамытужөніндегі бағыты аясында атап өткен мәдени әрі экономикалық мұрамыздыжоғалтуға құқығымыз жоқ екенін нақты көрсететін жағдай».

Біз, Конгресс қатысушылары, қазақ жылқысының генетикалық мұрасын сақтаумен нығайтуға, жылқы шаруашылығының ғылым, бизнес және мәдениет ретіндегіабыройын көтеруге жауапкершілік ала отырып, жаңа оқу жылынан бастап саланыдамыта алатын жаңа буын мамандарын дайындауды бастаймыз.

Бүгінде еш күмәнсіз айтуға болады: Shakarim University қабырғасында өткен I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі қазақ жылқы шаруашылығы тарихына өзбетін жазды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі балалар колониясында аталып өтті

 Алматы қаласының ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде ерекше күн болды....

Быть акушеркой – это значит нести нелёгкую, но очень важную миссию

Благодаря медицинским знаниям и опыту акушерки Шенгельдинской сельской амбулатории...

Акушер болу — қиын да маңызды миссияны орындау

Алматы облысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Шеңгелді ауылдық дәрігерлік...

Әлемдегі ең үздік ЛОР-дәрігерлердің бірі Милан Профант Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының отоларингологтарына мастер-класс өткізді

Братислава университетінің ауруханасының медицина факультетінің Оториноларингология бас және мойын...