ШҚО-да өрттен миллиард теңге шығын келген

Шығыс Қазақстан облысында 2-7 қыркүйек аралығында болған бес өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асады. Бұл туралы облыстық орман инспекциясы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, комиссия аяқтаған тергеу нәтижелері бойынша өрттің шығуына қолайсыз ауа райы, қатты екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа-райы себеп болса, ал өрттің таралуына жетуге қолайсыз таулы жер мен өрт ошағына жақын жерде су алатын жердің болмауы себеп болған.

Департамент өрттің шығуына ауылшаруашылық техникасын ұшқын сөндіргішсіз пайдалану, сондай-ақ тұрмыстық қоқыстарды жағу себеп болуы мүмкін екенін айтады.

«Нақты себебін анықтау үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды», — деп қорытындылады инспекция.

Еске салайық, қыркүйекте болған орман өрттерінің жалпы ауданы 11 мыңнан аса гектарды құрады, оның 6500 гектары орманды алқап. Ал өртті сөндіруге 31 миллион теңге жұмсалды.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...