ШҚО-да оқушылар жаппай уланып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің оқушылары жаппай уланып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің білім басқармасының мәліметінше, 48 дене қызуы көтеріліп, лоқсу мен іш өте бастағанын айтып, шағымданған.

«18 наурызда сағат 19.00-де 48 оқушы келді, оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді. Алдын ала болжам — тамақтан улану. Мектеп асханасында тамақтануды жеке кәсіпкер-жалға алушы қамтамасыз еткен», — деді ШҚО Білім басқармасының өкілдері.

Сонымен қатар, Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Соталды тергеу жүріп жатыр.

ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, мектеп карантинге жабылған. Оқушылар қашықтан оқуға көшкен. Оқиға орнында облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қажет зерттеулер жүргізіліп жатыр.

«Бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себебі мен жағдайын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды. Мәселе бақылауда», — деді басқарма өкілдері.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...