ШҚО-да ен далада жоғалып кеткен екі адам табылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар ен далада жоғалып кеткен екі адамды тапты

13 қаңтарда Катонқарағай ауданында 1982 және 1988 жылғы екі ер адам Ново-Хайрузовка ауылынан Алыбай ауылына қарай «ВАЗ 2114» көлігімен жолға шыққан. Алайда жол жөнекей көлік қарға батып қалды.
«№27 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен полицейлер бірден оларды іздестіруге кіріскен. Сөйтіп олар сағат 21.30-да Ново-Хайрузовка мен Алыбай ауылдары арасындағы тасжолдан 15 шақырымдай жерден табылды. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ер адамдар орталық аудандық ауруханаға жеткізілкен. Азаматтардың айтуынша, көлік ішінде тоңып қалмас үшін олар қағаз жағып отырған», — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...

V СЪЕЗД СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НА ПЯТОМ СЪЕЗДЕ СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, КОТОРЫЙ СОСТОЯЛСЯ 18...