ШҚО-да аударылып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында аударылып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетілді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда түнгі сағат 02.00-де Ұлан ауданы Айыртау ауылында болған. Жүк көлігі аударылып қалып жүргізуші сыртқа шыға алмай қалды.
«Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар «Мерседес» маркалы жүк көлігінен ер адамды шығара алмай жатқан полиция қызметкерлеріне көмек көрсетті. Сәлден соң ер адам аман-есен шығарылған. Содан кейін қысқа тұйықталуды болдырмау үшін аккумулятор өшірілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жедел жәрдем дәрігерлері 1990 жылғы азаматты ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...