ШҚО-да аюлар омартаға шабуыл жасап жатыр

ШҚО-да аюлар үй шаруашылығына шабуыл жасайтын жағдай жиілеп кеткен, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, аймақта аюлардың популяциясы өсіп жатыр. Мамандардың есебі бойынша облыста 3021 аю бар бар. Маусымда аюлар Степной ауылы маңындағы омарталарды төрт рет қиратқан, Топиха ауылында да осындай жағдай болған. Сарапшылар бұл жас жануарлар екенін, олар шамамен бір жасар екенін анықтаған.

Мамандардың айтуынша, аюлар бір жерден тамақ алуды әдетке айналдырса, оларды ол жерден аластау өте қиын екен. Сондықтан зардап шеккен шығыс қазақстандықтар мүлкі үшін ғана емес, өздерінің қауіпсіздігі үшін де алаңдап отыр.

Тұрғындар жануарды өлтірсе, заң бойынша жазаланатынына байланысты «оларға қарсы тұра алмаймыз ба?» деп алаңдайды.

«Бұл — қылмыстық жауапкершілік. Қазір омарташылар да, қалғандары да қорғансыз. Яғни, олар Америкадағы сияқты, өз меншігін қорғап, аюды, тіпті басқа жануарды өлтіруге құқығы жоқ», — деді Өскемен орман шаруашылығының аңшысы Сергей Осинцев.

Строительство Almaty SuperSki набирает темпы, запуск курорта намечен на декабрь 2028 года

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по индексу...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында экскурсия ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесіне...

Строительство кластера Almaty SuperSki находится в активной фазе

Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров компании...

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы...

Пример беззаветного служения науке, закону и родной стране

Жизненный и профессиональный путь Еркеша Калиевича Нурпеисова, видного ученого-правоведа,...