ШҚО-да 2017-2020 жылдары 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 4 жыл ішінде 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бұл туралы халық алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Көпбалалы отбасылар ерекше назарға алынған. Өңірімізде көпбалалы жанұядан шыққан оқушылар толықтай мектеп формасымен, аяқ киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Балалардың ата-аналары балбақшаларға ақы төлеуден босатылған. Ал студенттер болса тегін тамақпен және жатақханамен қамтылып отыр», — деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 2017 жылы тұрғын үй алу кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылар саны бес есеге өскен. Соңғы төрт жыл ішінде ауылды жерлерде тұратын 1625 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

«Өткен жылы 1049 отбасы, оның ішінде ауылдағы 336 жанұя қоныс тойын тойлады. Биыл өңір аудандарында жеке инвесторларды тарта отырып, жалпы ауданы 36 мың шаршы метрге жететін 191 екіпәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда», — деді Даниал Ахметов..

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік...

В Казахстане увеличился выпуск легковых автомобилей

В январе-сентябре 2026 года в Казахстане произведено 136 548...

№68 мекемесінде саптық тексеріс өткізілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

КЕРБУЛАКСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА ВОЗОБНОВИЛА РАБОТУ ПОСЛЕ КАПИТАЛЬНОГО РЕМОНТА

В области Жетісу продолжается модернизация инфраструктуры здравоохранения. После капитального...

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Жетісу облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кербұлақ...