ШҚО-да «102» мобильді қосымшасы іске қосылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары қандай да бір құқық бұзушылық туралы өз арыздары мен хабарламаларын қас-қағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады.

«Департамент бөлімшелерінде азаматтардың өтініштерін қабылауға арналған 40 жұмыс орны әзірленді. Аталған бағдарламаны орнату өте оңай: Android жүйесіндегі смартфондар үшін «Play Mapкет» және IOS жүйесіндегі смартфондар үшін «App Store» қосымшасы арқылы жүктеуге болады. Содан кейін экранның жұмыс панелінде «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеліп, электронды поштасы мен телефон нөмірін енгізеді. Оператормен байланысқа шыққанда автоматты түрде геолакция қосылып, өтініш берушінің деректері шығады. Бұл уақытты барынша үнемдейді», — делінген хабарламада.

«Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жазып, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейне түсірілімдерді жіберуге болады. Сондай-ақ бейне немесе аудиоқоңырау шалу мүмкіндігі де бар. ⠀
«Аталмыш қосымша пилоттық режимде сынақтан өткен. Екі апта ішінде полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы 7 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарға қатысты. Жаңа сервисте азаматтар полицияға тәулік бойы хабарласа алады», — делінген мәліметте.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...