12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үш әйелімді де жақсы көрем, бәрінен кешірім сұраймын — Нұрбек Мәдиев

Актер, «Бауыржан шоу» театрының бұрынғы әртісі Нұрбек Мәдиев өмірі мен өткені жайлы айтты. Актер «Бауыржан шоудан» неге кетті? Бірінші, екінші некесінің бұзылуына не себеп болды? 27 жыл көрмегін ұлы мен әйелін көруге дайын ба? Актер өнер жолына келген уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейінгі қызықтары мен қиындықтарды баяндады.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды, stan.kz.

Нұрбек Мәдиев «Бауыржан шоу» театрының жұлдызы. Осы театр арқылы көпшілікке көз таныс. Студент шағында үйленіп, әке атанған. Алайда отбасылық қиындықтарға байланысты театрдан шығып кетті. Бұның сырын өзі айтты. Сол кездегі әріптесі Алмат Сақатов Нұрбек Мәдиевтің талантты азамат екенін айтып, оның театрдан ерте кеткеніне өкінді.

«Нұрбек талантты жігіт қой. Ол нағыз комедия актері. Оның жүрген жері комедия. Ол драмадан гөрі комедияға көп келеді. Сахнада да, сахнадас тыс уақытта да қызықтары көп. «Бауыржан шоудан» кеткеніне өзімізді кінәлайымын. Сол кездегі жанында жүрген біздер, Бауыржан Ибрагимов бастап оны алып қалуға болар еді. Бірақ олай істемедік. Соған өкінемін», — деді Сақатов.

Ал актердің өзі бұған ешкімді кінәламайды. Бәріне отбасылық жағдай себеп болғанын айтады.

«Мен театрда жүргенде ата-анамның қасына баруым керек болды. Ағам хабарасып, әке-шешемнің жағдайын айтты. Ауырып қалғанын айтты. Сондықтан өнерді қайда болса да алып жүруге болады. Қайта келуге болады. Дер кезінде әке-шешемнің қасында болайын деп кеттім. Ол үшін ешкімді кінәламаймын», — деді ол.

Нұрбек Мәдие 2005 жылы ауыр жол апатына түсіп, күйзелістен шыға алмағанын мойындады. Адам өліміне өзін кінәлі сезініп, біршама жыл ішкілікке салынғанын айтты.

«2005 жылы қайын атамның мерейтойына бардық. Әйелім, енем мен қайын ағам өтініп қоймаған соң бару керек болды. Оларды көлікпен апару керек болды. Өзім сол тойға барғым келмеген еді. Бәрі өтінген соң баруға тура келді. Қайтар жолда жол апатына ұшырадық. Қатты жылдамдықпен келе жатып, апатқа қалдық. Сол жерде қайын ағам қайтыс болды. Әйелім, балам, бәрі көлікте еді. Содан бастап 4 жыл өзіме келе алмай жүрдім. Өзімді кінәлі сезіндім. Мені кінәлағандар болды. Әйелімнің өзі кінәлағандай болды. Бәрі жаныма батты. Бір апталап арақ ішетін болдым. 2009 жылдары өзіме келе бастадым», — деді Мәдиев.

Бұл жылдар артта қалды. Бүгінде ақыл тоқтатқан жаста. Әкесінен айырылып, әке орнына әке рөлін атқарып жүр. Бірінші, екінші некесі сәтсіз болды. 20 жыл некелескен әйелімен ажырасып кеткен. Екінші некесінен туған ұлы ата-анасының қосылғанын қалайды.

Нұрбек мырза екінші әйелімен 20 жыл бірге тұрып, үш баланы тәрбиеледі. Алайда бұл неке де сәтсіз аяқталды.

«Екінші әйелім Ардақ өзі кетті. Тұрғысы келмеді. Тұрғысы келмеген адамды ұстай алмадым. 20 жыл тұрып, 3 баламен ажырасып кеттік. Ажырасқанымызға 5-6 жылдай уақыт өтті. Қазір Светлана есімді орыс әйелмен бірге тұрамын. Мен барлық әйелімді жақсы көремін. Лизаны да, Ардақты да, Светаны да жақсы көрем. Барлық әйелімнен кешірім сұраймын. Балаларымды жақсы көрем. Бәрі жанымда болса деймін. Балаларымның араласқанын қалаймын. Әкемнің арманы орындалмады. Енді анам тірі күнінде немерелерін көрсе деймін», — деді актер.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....