12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Съезд сот жұмысындағы ілгері істерді көрсетті

Көптен күткен республика судьяларының ҮІІІ съезі де өз мәресіне жетті. Бұл басқосудың бұған дейінгі съездерден айырмашылығы үлкен. Ең басты ерекшелік – съездің онлайын форматта, тікелей желіе өтуімен байланысты. Бұрынғы съездерде әр соттан арнайы іріктелген делегаттар елорда төріне жиналып, сот жұмысына қатысты мәселелерді ортақ талқыға салатын. Басқа қазылар әріптестерінің жолын күтіп, съездің жаңалығын естуді асыға күтетін еді. Басқосудың тікелей желі арқылы республикаға тарауы әр судьяның съезді бастан-аяқ көріп, жиынның ішінде отырғандай сезінуіне түрткі болды. Бұл басқосудың маңызын, жеделдігін арттырды.

Шыны керек, сала ішіндегі жиынды тікелей желіде көрсетіп, көпшіліктің назарына шығару тек Жоғарғы Сотқа ғана тән. Дәл осы қадамға басқа құзырлы органдар әлі тәуекел еткен емес. Ал бізде Жоғарғы Сот тқрағасы Жақып Асановтың жетекшілігімен маңызы жиын, жыл қорытындылары үнемі онлайн өтеді. Ашықтыққа бейімделген сот мамандары заманауи технологияны да жан-жақты меңгеруімен өзге құрылымдарға әдемі үлгі көрсетіп келеді. Осы жолғы съезд республика судьяларының жаңашылдықты терең меңгергенін, заманауи технологияны қолдануға әбден төселгенінін дәлелдеп берді.

Биылғы съездің және бір ерекшелігі шетелдік маман-сарапшылардың көптеп қатысуынан да көрінеді. Бұл басқосудың беделін ғана емес, сонымен бірге халықаралық кеңістіктегі мәртебесі мен беделін де көтергені ақиқат. Әрі жиынды қашықтан өткізу арқылы қазақстандық соттар жаңа заманауи құрылғыларды қаншалықты жетік меңгеріп, жұмысына қаншалықты кең қолданатынын әлелдей алы деп ойлаймын.

Биылғы жиында көтерілген мәселелер де қомақты. Соның ішінде өзіміздің әріптесіміз, Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов «Сот жүйесіне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі пайыздық деңгейде бекітілуі тиіс деп ойлаймын.  Әрине, экономиканың жағдайын жақсы түсінеміз. Меніңше, аталған мәселені бюджетке салмақ түсірмей шешудің тиімді жолы – мемлекеттік бажды көтеру. Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны – бар-жоғы 830 теңге. Өзбекстанда бұл сома 25 есе, ал Молдовада 120 есе көп.  Баж төмен болғандықтан, мыңдаған адам келісімге келмейді. Бірден соттасуды қалайды. Баждың мөлшері 90-шы жылдан бері мүлдем өзгермеген.  Істердің 84% бойынша баж құны 5 мың теңгеге де жетпейді. Тіпті 15-20 теңге тұратын даулар бар. Әрине, айтып отырған ұсынысым әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қатысты емес. Оларды баждан мемлекетіміз міндетті түрде босату қажет. Сондықтан осы және басқа да жолдармен қаржыландыруды көбейтсек, сот жүйесіне қатысты біраз мәселе шешімін табар еді» деп сот саласында кездесетін бірнеше түйткілді шешуің жолын ұсынды.

Расында соңғы жылдары сотқа арызданатындар саны көбейді. Соның салдарынан сот жүктемесі өскен. Бұған баж салығының төмендігі де себеп. Әрине соттасуға тастүйін бекініп отырған азаматтарды баж салығын жоғарылығы тоқтата алмасы ақиқат. Дегенмен, бұл болмашы түйткіл үшін сотқа арыз жазатындардың қатарын кемітеді деп сенеміз.

Н.Мұсағалиев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...