Серік Есматов «Алматы тұлғалары» жобасы аясында жастармен кездесті

    11 қазан күні SmArt.Point коворкинг — орталығында Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі спортшы және параолимпиадашы жастармен кездесті. Серік Есматов — Қазақ туризм және спорт Академиясының түлегі, 2013 жылы Малайзияда өткен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны, Қазақстан спортшылары арасында волейболдан бірінші паралимпиадалық турнирдің қола медалінің иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Іс-шараның мақсаты-өз саласында жетістікке жеткен тұлғалардың үлгісімен жастарды ынталандыру, қандай жағдай болмасын өз саласының маманы болуға ұмтылу, патриотизм мен АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК сезімін тәрбиелеу, ешқашан берілмеуді үйрену. Кездесу барысында Серік Есматов кәсіпкерліктің даму жолдары, оның әлеуметтік жауапкершілігі және инновациялық шешімдерді іске асыру тақырыптарына тоқталды. Ол өз тәжірибесінен алынған мысалдар келтіріп, жетістікке жету жолдары туралы нақты кеңестер берді. Әсіресе, жастар мен стартаптарды қолдау, кәсіби өсу және қоғамға қосқан үлес туралы маңызды ойлар қозғалды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...