12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сенім мен сауат

Қазақстан республикасының өз алдына тәуелсіздік алып, егемен ел атанғанына 30 жыл болды. Осы аралықта құқықтық мемлекет құру, зайырлы ел болу үшін қажетті қадамдар жасалды. Алайда азаматтардың бәрі бірдей құқықтық тұрғыдан сауатты деуге әлі ерте. Оны сотта қаралатын іс, материалдардан анық аңғаруға болады.

Құқықтық сауаттың кемдігі мен көзсіз сену азаматтардың сергелдеңге түсіп, сотта сандалуына түрткі болатын ең негізгі себеп. Мысалы көптеген азаматтар өзі танитын әріптесіне, досына, көршісіне қолхатсыз қарыз беріп, берешегін қайтара алмаған соң сот арқылы құқығын қорғайды. Бірақ сотта өз сөзінің растығын айғақтайтын бір де бір нақты дәлел, айғақ жоқ. «Бердім, қайтармады» деген бір тараптың сөзіне екінші тарап «ешқашан қарыз алған емеспін. Дәлелдесін! Дәлелдемесе, мені қаралағаны үшін сот арқылы моральдық өтемақы талап етемін» деп жатады. Мұндайда соттың қолы қысқа. Сот тек заңды басшылыққа ала отырып шешім шығарады.

Осындай деректер біздің елімізде құқықтық сауатты арттыру бағытында әлі де көп жұмыстар жүргізілуі керектігін айғақтайды. Заңнаманы түсіндіру, өз құқығыңды қорғаудың әліппесін үйрену, өзгелерге құқығыңды таптатпаудың заңдық негізін білу мектеп қабырғасынан бастап үйретілуі керек. Біздің азаматтар басына іс түскенде қай құзырлы мекемеге барып, кімнен көмек сұрайтынын да білмейді. Қарапайым арызды жазудың тәртібін де меңгермеген. Сондықтан олар осындай қадамдар үшін де заңгерлерден ақылы кеңес алуға мәжбүр. Өз құқығын қорғаудың негізін білмегендіктен кейбірі мәселені жылы жауып қоятыны да белгілі. Құқықтық, дамыған мемлекетте бұлай болмауы керек. Кез келген азаматтың құқығы тапталмауы тиіс.

Міне соның барлығы мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында жан-жақты оқытылуы керек. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім мен құқықтық сауаттың ара жігін ашып көрсететін, азаматтардың заңдық білімін жетілдіретін танымдық мақалалар жиі жарияланғаны дұрыс. Бүгінде әлеуметтік желілерді азаматтар үнемі қадағалап, бақылап отырады. Осы әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдаланып азаматтарға құқықтық кеңес беруді дәстүрге айналдырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені азаматтар сотқа құқығы тапталып, әділдік таба алмаған соң келеді. Ал бұл кезде азаматтарға кеңес беру, заңсыздықтың алдын алу мүмкін емес. Көзі ашық халықтың заңсыздық құрбаны болмайтынын қаперден шығармайық.

Т.Жұмамұратов, Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы

Кассациялық соттың маңыздылығы

Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.