12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сенім – қазылар үшін басты шарт

Сот жүйесінде тың бастамалардың бастауы болған судьялардың әр съезінің орны бөлек. Мәселен, 2001 жылы өткен үшінші съезде мамандандырылған соттар жүйесін құру міндеті қойылды. Аталған міндет сәтті жүзеге асырылып, соттарды мамандандыру өз өміршеңдігін көрсетті.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттарды құру да сол ізденіс­тің жемісі. Бұрын сотта құқық бұзу­шылықтың 54 құрамы бойынша істер қаралса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қабылданғаннан кейін сот құзырына 228 құрам қосылды. Бұл осы категория­дағы істер санының 422 пайыз­ға ұлғаюына түрткі болды. Санаулы уақыттың ішінде мұндай мамандандырылған соттардың бой көтеруі аудандық соттардың шектен тыс жүктемесін азайтып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2-тарауында заңнаманың өзіне тән міндеттері мен қағидаттары айқындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама келесі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Атап айтсақ: заңдылық, заң мен сот алдындағы теңдiк, кiнәсiздiк презумпциясы, кiнә қағидаты, әкiмшiлiк жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеу, ізгiлiк қағидаты, жеке басқа қол сұғылмаушылық, жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, меншiкке қол сұғылмаушылық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың және органның тәуелсiздiгi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргiзудiң жариялылығы, процестік шешiмдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі, адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау және т.б.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында 2021 жылдың 12 айында 4975 тұлғаға қатысты 4975 (2020 ж – 4519) іс қаралды, яғни, 456 іске көбейген. Өңірде ең көп қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істермен көлiк құралдарын жүргiзуге қатысты. Соның ішінде жол жүрісі қағидаларын бұзу, сол арқылы адам денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылық бойынша – 1759, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша – 1224 іс қаралған. Елімізде «Түнгі сот» жобасы сәтті жүргізілуде. Есепті кезеңде «Түнгі сотпен» – 93 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды. Оның 91-і кодекстің 610-бабымен қаралған істер бойынша 2021 жылдың 12 айында мемлекет пайдасына 318 974 578 теңге айыппұл өндірілген. Соттардың ашықтығы мен жариялылығының нәтижесінде есепті мерзімде Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьяларына қатысты арыз-шағым түспеген.
Жоғарғы Сот төрағасы 2022 жылды соттардың тиімділігін арттыру жылы деп жариялады. Сондықтан, сот төрелігінің әділдігі мен жедел әрі толық орындалуын негізгі бағыт ретінде белгілеп, қоғамның сеніміне ие болу мақсатындағы жұмыстарды тоқтаусыз жалғастыра береміз.

Қаржау БОЗШАГУЛОВ,
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының төрағасы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...