Сәуір – тазалық пен тәртіптің дәстүрге айналған мезгілі болса, сенбіліктер ұрпақты біріктіретін игі дәстүр. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында Самар ПБ қызметкерлері мен №1 және 2 Көкпекті аудандық ПҚ қызметкерлері биылғы алғашкы сенбіліктерін өткізіп, аумақты ретке келтірді. Бұл шараның ерекшелігі – бүкіл команда мүшелерінің белсенді қатысуы. Өйткені сенбілік аумақты тазарту ғана емес, сонымен бірге қарым-катынас, жақсы көңіл-күй, жағымды эмоциялар.
Сенбілік бейресми қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуге, байланыс орнатуға жағдай жасайды, әріптестердің бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік береді. Өйткені халық игілігі үшін бірлескен енбек сияқты адамдарды бірікіретін ештеңе жоқ екені бұрынан белгілі. Сенбілік – ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялқ климатты көтеретін керемет әдіс. Самар ПБ қызметкерлері №1 және №2 Көкпекті аудандық ПҚ қызметкерлері ішкі-сыртқы аймағын тазарту жүргізді. Себебі тазалық – денсаулық кепілі.
С.Жазнаев,
ШҚО бойынша ҚАЖД №2 Көкпекті аудандық ПҚБ
бастығы, әділет капитаны