12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЕНАТОРЛАР АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАП ЖҮР

Парламент депутаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құрудағы бастамаларын халық арасында түсіндіру мақсатында еліміздің аймақтарын аралап жүр. Бұл кездесулер өз кезегінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысын зерделеу, ондағы тұрғындардың мұң-мұқтажын айқындауға да қызмет етуде. Мәселен, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қонаев қаласында болды. Ол аймақ активімен, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті және еліміздің саяси жүйесін сапалы трансформациялауға бағытталған конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылады. Депутат құқық қорғау органдарының өкілдеріне арнаған сөзінде жұртшылық құқық қорғау және сот жүйелерінен нақты өзгерістер күтіп отырғанын айта келіп, полицияның озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен ымырашыл судьяларға орын болмауы керектігін атап өтті.
Сенатор Владимир Волков өз сөзінде Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтты. Оның ішінде қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды күшейту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған заңнамалық актілер туралы сөз қозғады. Ол сондай-ақ Конституцияның жаңартылған нормаларын және ел Президентінің басқа да бастамаларын іске асыру үшін 20-дан астам заңға өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті. В.Волков сапар барысында Қарасай ауданының тұрғындарымен де кездесті. Онда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан конституциялық реформаның негізгі ережелері талқыланды. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында болып, Күйгенкөл, Жәнібек, Тау және Қамысты ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді және ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Жиында аудан орталығын және ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың жағдайы, азық-түлік бағасының қымбаттауы, білім сапасы, дәрігерлердің жетіспеуі мәселелері сөз болды. Нариман Төреғалиев Қазталов ауданының бірқатар елді мекендерін аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда тұрғындардың түйткілді мәселелері, сондай-ақ қабылданған бірқатар заңдар талқыланды. Сенатор Казталов ауданындағы Сарықұдық, Жалпақтал, Қараөзен, Жұлдыз, Казталовка ауылдарындағы білім беру нысандарының құрылыс барысымен және жолдардың жағдайымен танысты. Сенатор Бөкейорда ауданында да болды. Тұрғындармен кездесуде жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған логистика, медицина, жұмыспен қамту және білім беру мәселелері туралы айтылды. Сондай-ақ электр сымдарының тозуы, Мұратсай ауылындағы фельдшерлік-амбулаторияны жөндеу, мал шаруашылығына арналған су көздерін пайдалануды оңтайландыру және басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді. Депутаттар Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарын аралап, аудан орталығы мен Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті тұрғындар тұрғын үй беру және жерді пайдалану, азық-түлік бағасының өсуі, өнеркәсіпті дамыту және жаңа мектеп салу мәселелерін көтерді. Парламент депутаттары Алмаз, Ақшат және Шыңғырлау ауылдық округтерін де аралады. Тұрғындардың айтуынша, аудан орталығын көктемгі және күзгі кезеңдерде елді мекендермен байланыстыратын Сегізсай-Ақшат-Шыңғырлау жолын су басады, кей жері шайылып кетіп, халыққа қиындық туғызады. Сенаторлар көтерілген барлық мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетінін және бақылауға алынатынын жеткізлі. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қанатбек Сафинов кәсіби медиаторлармен кездесіп, медиация саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылады. Онда медиаторлардың кәсіби қызмет барысында тап болатын проблемалары сарапқа салынды. Депутат кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ағымдағы жылдың соңында Медиаторлардың бірінші форумын өткізу ұсынылғанын атап өтті. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен астық шаруашылығын дамытудың алдағы перспективаларын талқылады. Кездесу депутаттың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Шортанды ауылында өтті. Кездесу барысында екі жетекші ғылыми ұйымның ғылыми әлеуетінің синергетикасы сапалы жаңа ғылыми бағдарламалар дайындауға мүмкіндік бергені туралы хабарланды. Соның нәтижесінде Қазақ агротехникалық университеті мен Ғылыми-өндірістік орталық мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша конкурста 5,5 млрд теңге ұтып алды. Ал бұл – аграрлық ғылымды бағдарламалық қаржыландырудың төрттен бір бөлігі. Сенат депутаты Андрей Лукин елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ұйым қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Андрей Лукин мекемелерге сапары барысында азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек ету жөнінде делдалдық қызмет көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру барысы мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жағдайымен танысты. Сенатор сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасы бойынша елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде палатаның атқарған жұмыстар туралы, оның ішінде қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу мен халықтың табысын арттыруға бағытталған игі істер туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді. Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің «Байқоңыр», «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы полиция басқармаларында да болды. Ол палатаның заңнамалық жұмысы туралы басқарма қызметкерлеріне айтып берді. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігін арттыру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша Сенат қабылдаған заңдарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен және Шымкент қаласының БАҚ өкілдерімен де кездесті. Онда БАҚ туралы заң жобасына өзгерістер енгізу, журналистердің мәртебесі, мерзімді басылымдардың қазіргі жағдайы мен кадр тапшылығы мәселелері талқыланды. Сенаторлар сондай-ақ Шымкент қаласы Ұлттық ұланының әскерилерімен және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор оқытушылар құрамымен кездесіп, материалдық-техникалық базаны, инфрақұрылымды және оқу-жаттығу базаларын аралады. Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы қаласында «Алматыкітап» баспа үйінде еңбек ұжымымен кездесті. Сенаторлар Қазақстандағы баспа нарығын дамыту барысымен таныса келіп, жаңа тәжірибелерге назар аударды. Әлем және ТМД елдері арасында кітап басып шығару саласында үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан «Алматыкітап» баспа үйінің қызметін 200-ден астам мектеп пайдаланып отырғаны қуантады. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар «Алматыкітап» әзірлеген платформа арқылы үздіксіз білім беруді жалғастыра алады. Сенаторлар Абай атындағы кітап үйінде болып, кітап саудасын жетілдіру мәселесіне назар аударды. Сенаторлар Нұрлан Бекенов пен Бекболат Орынбеков Ақмола облысының Ақкөл ауданына жұмыс сапары барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Парламентшілер палатаның VII шақырылымының 2 сессиясы жұмысының қорытындылары, қаралған мәселелердің тізбесі, мақұлданған нормативтік-құқықтық актілер мен пысықтауға жіберілген жобалардың саны туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар сонымен қатар еліміздің жоғары заң шығарушы органының жұмысына қатысты Конституцияға түзетулерді жүзеге асыруды, сондай-ақ Сенат жұмысындағы бүгінгі басымдықтарды талқылады. Мәслихат депутаттары аудандағы жағдай туралы айтты және өзекті мәселелермен бөлісті. Сенаторлар қоғамды толғандырған сұрақтарға жауап берді және олардың шешілуге көмектесетіндерін жеткізді. Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Тараз қаласында сапарда болып, бірқатар нысандардың жұмыстарымен танысты. Сенатор «Арай-2» шағынауданындағы әлеуметтік дүкенде, «Арай» және «Барысхан» тұрғын алқаптарындағы мектептерде, аудандық жылыту қазандығында (РК-4), 200 орындық онкологиялық ауруханада, 150 орындық оңалту орталығында, 15-шағын ауданда және Талас өзенінің жағалауында болып, нысандардың жағдайынан хабардар болды. Депутат мектеп, оңалту орталығы құрылыстарын және өзен жағалауын бекіту жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауға назар аударды. «Таразэнергоорталығы» АҚ-ның апатты жағдайдағы мұржасын жөндеу, аудандық қазандық маңынан қосалқы қазандық салу мәселелерін қарастыру керек екенін айтты. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен жұмыс сапары барысында Жетісу өңірінде болып, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Облыстық прокуратура мен ішкі істер департаменті өкілдерімен кездесуде депутатқа қаңтар оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру барысы туралы баяндалды. Өз кезегінде облыс прокуратурасы азаптау фактілерінің әрқайсысы тексеріліп, кінәлі азаматтар тиісті жазасын алатынын айтты. Сонымен қатар, сенаторға қылмыстық процестің үш деңгейлі моделін енгізу қылмыстарды ашуға көмектесетіні, сонымен қатар цифрландыру деңгейін арттыру қажет екені айтылды. Сапар барысында депутат Ақсу өңірінде де болып, бірқатар әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров жұмыс сапары барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы 6636 әскери бөлімінің базасында Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығының басшылығымен кездесті.

Сенатор жылжымалы командалық пункт пен байланыс орталығының тактикалық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Депутат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметшілерді құқықтық және әлеуметтік қорғауды жақсартуға бағытталған заң қабылдағанын хабардар етті. Сенатор Алматы, Тараз, Талдықорған, Шымкент және Қызылорда қалаларында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командирлерімен бейнеконференция байланысы арқылы кездесті. Отырыс барысында қызметтің негізгі бағыттары, оның ішінде Ұлттық ұлан бөлімшелерін сандық және сапалық жағынан нығайту және «Бүркіт» арнайы жасақтарын жасақтау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысы туралы есеп тыңдалды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА «Заң газеті»

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды.

Токаев дал поручения по ликвидации последствий паводков и помощи пострадавшим

Президент Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад премьер-министра Олжаса Бектенова о работе по ликвидации последствий паводков и помощи гражданам, пострадавшим от стихийного бедствия, прежде всего, тем гражданам, которые по-прежнему находятся в эвакуационных пунктах.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының жаңа әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕДІ

Ел экономикасының қуатты болуы бірінші кезекте өндірісті өнеркәсіптердің сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласының дамуына тікелей байланысты болары сөзсіз. Бұл орайда елордалық облыс мәртебесіне ие – Ақмола облысында жағдай біршама тұрақталып, тіпті қарқыны еселеп артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.