Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарынқорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

ҚР Конституциясының жаңартылған баптары азаматтарымыздың құқықтары менмүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы СенаторНұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысыбарысында мәлімдеді.

Сенатор Конституциялық құрылыстың негіздеріне, Құрылтай мен Халық Кеңесініңқызметіне байланысты мәселелерге тоқталды.

«ҚР жаңа Конституциясы жобасының 52-бабына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының Құрылтайы заңнамалық билікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы болып табылады. Құрылтайдың өкілеттіктері,қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңменайқындалады. Бір палаталы Парламентке көшу шеңберінде заң шығарушы органныңөкілеттіктері жете қайта қаралып, Құрылтайға қатысты кең ауқымды түзетулержобасына өкілеттіктерді кеңейту және тежемелер мен теңестірмелер жүйесін күшейтуенгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтарымыздың құқықтары менмүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді», – деп айтты Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі.

Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстанды саяси жаңғырту және қалыптастыру бағыты саяси жүйені жаңартудың, парламенттік бақылауды күшейтудің және заңнаманыңсапасын арттырудың тиімді тетігі болатынын атап өтті.

«Ұсынылған нормалар Құрылтайдың жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық заң шығару процесі болуына ықпал етеді. Конституциялық қағидаттарды нығайту,сондай-ақ билік пен қоғам арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас дәстүрлерінодан әрі нығайту үшін жаңа институт – Қазақстан Халық кеңесін құру ұсынылды. Халықкеңесін құру мәртебесі мен тәртібі Конституцияның жекелеген бөлігінде және арнайыКонституциялық заңда бекітіледі. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар елдіңконституциялық құндылықтары мен оның қағидаттарын құнды мазмұнмен толықтырып, елдің жаңа тарихи кезеңге өтуіне негіз болатыны сөзсіз», — деп түйіндеді Бекназаров.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...