12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сенат спикері Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер сұрағына жауап берген Сенат спикері мемлекеттік қарыздың өсуіне алаңдаушылық білдірді.

«Бұл өте күрделі мәселе. Осы жерде бұрыннан жұмыс істейтін журналистер біледі, былтыр мемлекет қарызы бойынша бұл мәселені көтергенбіз, оның өскенін сынаған едік. Содан кейін Үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді, қазір бюджет аясында, әрине, бұл мемлекеттік қарыз мәселесін тағы да қарастырамыз», — деді Әшімбаев Сенат отырысында.

Бұдан бөлек, журналистер сенаторлар үкіметтен Ұлттық қордан бөлінетін қаржы көлемін азайтуды сұрай ма деген сауал қойды.

«Қазір айту қиын. Оны кеше ғана Мәжілістегі әріптестеріміз қарады, бүгін бюджет жобасын алуымыз керек, оны зерделейміз, мұқият қараймыз, сұрақтар туындаса, әрине, көтереміз, Үкімет өкілдерімен сөйлесеміз. Қандай мәселелер, нақтырақ айтсақ, не туралы сөйлесетініміз туралы пікір айтуға әлі ерте, құжатпен кем дегенде бір апта жұмыс істейік», — деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, сенаторлар бюджетке түзетулерді 5 мамырда қарайды.

Бұған дейін Мәжілісте 2022 жылға арналған бюджетке түзетулер бекітілген болатын.

Потерпевшим – списать задолженность

В последние годы тема мошенничества является актуальной, хотя правоохранительные...

Регистрация общественных объединений

На сегодняшний день регистрация некоммерческих организаций является актуальным вопросом...

Не только профессия, но и судьба

Экибастузский городской суд для меня и первое место работы,...

Закон – щит, а не барьер

В РАМКАХ ПОСЛАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА РК ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ЭЛЬВИРА АЗИМОВА...

Клиентоориентированность-главное требование для современных  государственных служащих

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...