Сенат Қазақстанда қос азаматтыққа шектеу қоятын құжатты қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл келісім ТМД елдерінің өкілетті органдары арасында жасалды. Құжат ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Келісімге 2020 жылы желтоқсанда Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.

«Келісімді ратификациялау ТМД елдерінен азаматтықтың болуы немесе болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға берілген визалар, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді», — деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Бұдан басқа келісім бойынша қосымша ақпаратты алуға болады. Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету аясында пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салу арқылы алады. Жауап мерзімі екі айдан аспауы тиіс.

«Бұл ретте келісімде азматтарға қатысты мәліметтердің құпиялығы, ол деректерді пайдалануға шектеулер, сондай-ақ сұрау салуды қанағаттандырмайтын талаптар нақты жазылған. Құжатты ратификациялау ТМД елдеріндегі құзыретті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы еліміздің барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілді», – дейді Қожаев.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.