Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру мақсатында Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Абай облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты №19 мекемесінің қызметкерлері өздері қызмет барысында күнделікті өзара іс-әрекетте болатын, шарт бойынша қызмет атқару мерзімдері аяқталатын Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әскери қызметшілерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар түсіндіріліп, кіші басшылық және жоғарғы басшылық құрамдағы қызмет барысы, қойылатын талаптар мен берілетін жеңілдіктер және әлеуметтік көмектер туралы айтылды.

«Қазіргі уақытта біздің қызметте кадр тапшылығының кездесуінің алдын алу-«кәсіби бағдарлау» жұмысы арқылы жүргізіліп келеді. Көбінесе жастар қолма-қол ақша алатын жұмыс іздейтіндері барлығымызға мәлім, мемлекеттік қызметке келуден көбі тартыншақтайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметтің мән-мазмұнын нақты түсіндіре білу үшін бүгінгі сияқты кездесулер өте қажет.»-дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...