Семейде Абай облысы бойынша ҚАЖД мен мекемелер қызметкерлері арасында облыстық шахмат турнирі өтті

2024 жылға арналған «Динамо» ҚҚҚ ҚБ спорттық — бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Семейде Абай облысы бойынша ҚАЖД мен мекемелер қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті.

Турнирге он қызметкер қатысты. Олар жарысқа ерекше құлшыныспен қарады және шахмат ойынының тамаша үлгісін көрсетті

Іс-шараның мақсаты шахматты насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖК құрама командасын дамыту болды.

Жеңімпаз Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесі бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы Нұрбол Қуандықов болды.

Екінші орын Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Қадырманов Ерланга бұйырды. Үшінші орын алған № 19 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары Мерей Жолтабаров әріптесіне сәл жеңіліп қалды.

«Погон киетін адамдардың интеллектуалды ойындар ойнауы өте маңызды. Жақында біздің қызметкерлер арасында тек күш спорты ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды спорт түрлері де танымал бола бастады. Шахмат интеллект пен логикалық ойлауды дамытады, бұл өз кезегінде күрделі шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әсіресе құқық қорғау қызметкерлері жұмысының ерекшелігінде маңызды, — деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева.

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...